Еуропалық одақ
Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайта түсуге ниетті. Бұл туралы Астанада өткен
баспасөз конференциясы барысында одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық
арнайы өкілі Дэвид О'Салливан мәлімдеді. Жалпы, Еуропалық Одақтың Қазақстанмен
қарым-қатынасына қатысты күн тәртібі өте оң. Журналистермен кездесуде шетелдік
қонақ технологиялар мен көлік саласында Қазақстанмен бірге жүзеге асыра алатын
көптеген ауқымды жобалары мен жоспарлары бар екенін айтты.
Дэвид О'Салливан, Еуропалық
Одақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі:
- Біз Қазақстанмен
қарым-қатынасымызды одан әрі осы бағытта дамытып, тығыз ынтымақтастық
орнатқымыз келеді. Санкциялардың ұзақ
жылдар бойы қалыптасқан жақсы қарым қатынасымыз бен терең әріптестік
байланысымызға кедергі болғанын қаламайтынымызды тағы да ерекше атап өткім
келеді. Бұл сапарымыз АҚШ әріптестермен бірге ұйымдастырған сәуірдегі
сапарымыздың жалғасы деуге болады.