Қазақстан 2025 жылдан бастап ресми түрде БРИКС-тің серіктес мемлекет мәртебесін алады. Бұл ақпаратты еліміздің сыртқы істер министрлігі растады. Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты атап өткендей, бұл бірлестік ішіндегі қарым-қатынастың жаңа форматы, сондықтан оны сынақтан өткізу керек. Саясаттанушылардың пікірінше, серіктес атану БРИКС елдерімен көпвекторлы ынтымақтастықты нығайтуды білдіреді. Бұл халықаралық топ экономикалық әріптестікті дамыту, дамушы нарықтар арасындағы сауданы, инвестицияларды және технологиялық алмасуды ынталандыру үшін құрылған.
Санат Көшкімбаев, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері:
- Бұл Қазақстанды орта держава ретінде мойындау. Яғни еліміз айтарлықтай әлеуеті бар және жаһандық державалардың қызығушылығына ие мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл біз үшін маңызды серіктес елдер. Сондықтан біз экономикалық күн тәртібін жүзеге асыруға және сынақтан өткізуге тырысамыз. Бұл негізінен шикізаттық емес экспортты, өндірісті, қайта өңдеуді дамыту.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

