Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект
орталығына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп
Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін
орталықтың әлеуеті таныстырылды. Мемлекеттер басшыларына музей экспозициясы мен
ЖИ-кинотеатры көрсетіліп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы
мәлімет берді. Сонымен қатар екі елдің көшбасшыларына Astana Smart City жобасы
жөнінде баяндалды.

