Франция Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі

Франция Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі

Франция өзінің Орталық Азиядағы негізгі серіктесі - Қазақстанмен іскерлік байланыстарды нығайтуға ниетті. Бұл ретте көлік, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану саласында ықпалдастықты нығайтуға басымдық беріледі. Француз компаниялары сирек кездесетін минералдарды табу мен қайта өңдеу жұмыстарын қаржыландыруға дайын. Қазақ-француз бизнес-форумының аясында шетелдік кәсіпкерлер елімізбен іскерлік байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді. Астана халықаралық форумының да бұл бағытта берері мол. Беделді алаңның арқасында бизнес өкілдері Орталық Азия елдерінің нарығына шыға алады. Бұл тралы Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартен өз сұхбатында айтты.

Лоран Сен-Мартен, Францияның Сыртқы сауда және шет елдегі Франция азаматтары мәселесі бойынша делегат-министрі:

–«Біз серіктестікті нығайтуға ниеттіміз. Атап айтқанда, сирек кездесетін металлдар мен сирек минералдарды өңдеу саласында ынтымақтастық орнатқымыз келеді. Әлем өзгеріп жатыр, сәйкесінше, сауда серпіні де өзгеруде. Біз дәстүрлі нарықтан алыстап жатырмыз. Қазір Орталық Азия - біздің басты назарымызда. Өзінің үлкен экономикалық әлеуетінің арқасында Қазақстан осы стратегияға толық сәйкес келеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?