Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әскерилер келіп жатыр, әскери бөлімдер кезек-кезек қоныстанып жатыр. Техниканы теріп, қайтадан жинап, бүкіл жаттығуын енді ғана өткізіп жатыр.
Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Абыройлы іс. Азаматтар жаупкершілікпен қарап отырғаның көріп отырмыз. Алда әлі бір айдай уақыт бар. Әзірше дайындық жақсы.
Айта кетейік, мерекелік шеруге 300-ден астам әскери және
арнайы техника тартылады. Олардың арасында тарихи үлгілер де болады. Парадта
әртүрлі типтегі 66 ұшу аппараты әуеге көтеріледі.

