Мемлекет басшысы Президент Іс Басқармасы Медициналық oрталығы ауруханасының жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда қыркүйек айында ашылатын Ядролық медицина орталығы мен жаңа емдік-диагностикалық блокты аралап шықты. Инновациялық нысанның ерекшелігі – қазіргі кезде әлемдік медицина индустриясында қолжетімді позитронды эмиссиялық компьютер томографиясы. Сканерлеу жылдамдығы жоғары бұл аппарат диагноз қою сапасын арттырады. Қазіргі уақытта бұл құрал-жабдықтың Орталық Азия мен ТМД елдерінде баламасы жоқ екенін айта кеткен жөн. Президент дәрігерлермен және ғалымдармен пікірлесіп, Ядролық медицина орталығының қызметі азаматтардың денсаулығын жақсартуға және қазақстандықтар үшін заманауи медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға қызмет ететініне сенетінін жеткізді.