Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы биылғы жылдың басынан бері 60% өсіп, секундына 31,93 мегабитті құрады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз Арменияны қоспағанда барлық Орталық Азия мен ЕО мемлекетінен озды, деп хабарлайды Finprom.kz. «Интернет желісі қызмет сапасының жақсаруы ұялы байланыс операторлары тарапынан осы секторға инвестициялардың едәуір артуымен тікелей байланысты», - дейді сала мамандары. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, бұл бағытқа құйылған жалпы қаржы көлемі 96,5 млрд теңгені құрады. Былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп. Сарапшылардың дерегінше, салаға салынған барлық инвестиция бюджет қаражатын тартпай-ақ бизнес қауымдастықтың қатысуымен жасалған.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов