Биыл жазда Қазақстанда алғашқы автомобиль тоннелі пайдалануға берілді

Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін автомобиль тоннелін қолданысқа тапсыру жоспарланған. Оның жалпы ұзындығы 840 метрді құрамақ. Еске сала кетейік, жаңа көлік өткелі еліміздің Жамбыл және Түркістан аймақтарының шекарасында орналасқан. Құрылысы аяқталуға таяп қалды. Бүгінде ондағы бетон және асфальт төсеу жұмыстары толығымен іске асып, жарықтандыру орнатылды. Қазіргі таңда нысанда бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Сарапшылардың пайымынша, бірегей жоба Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруда стратегиялық маңызға ие.  

Төлеген Абдуллин, ҚР Көлік министрлігі комитетінің төрағасы: 

-Бұл жол енді транзиттік көліктердің елді-мекендерге кірмей-ақ қатынауына мүмкіндік береді. Бұл аймақ әсіресе қыс мезгілінде көліктер қозғалысына кедергі болатын. Сондықтан осы учаскенің түрлі табиғи ерекшеліктері ескеріліп тоннелі салынды. Бұл жоба «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағытының негізгі бөлігіне еніп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруды қамтамасыз етеді.