Егемендiк туралы декларация: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы

Егемендiк туралы декларация: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы

Жас мемлекеттен беделді орта держава еліне айналу. Бұл Қазақстаннның отыз жылдан астам уақытта өткен сындардлы жолы. 25 қазанда еліміз тәуелсіздікке бастап, дербес елдің қазығын қаққан маңызды құжаттың қабылданғанына 35 жыл толуын атап өтеді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация алғаш рет республиканың табиғи байлықтарын өзінің басқаруына жол ашып, ішкі және сыртқы саясатты айқындау құқығын бекітті. Депутаттардың пікірінше, дәл осы құжаттағы қағидалардың арқасында Қазақстан бүгінде халықаралық қатынастардың сенімді және беделді қатысушысы атанды. Көпвекторлы дипломатияның іргетасын қалаған мемлекет, келелі келіссөздер алаңы ретінде бірқатар бітімгершілік және басқа да тың жаһандық бастамалар көтеріп жүр. Республика өңірлік қауіпсіздік, климат, цифрландыру және орнықты даму мәселелерін белсенді түрде ілгерілетеді.  

Сергей Понамарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Егемендік туралы декларация өте маңызды. Менің ойымша, осы және басқа да бірқатар құжаттар Қазақстанды өзгелермен теңестіріп, кеңге танытты. Қазақстан тек өңірде ғана емес, бүкіл әлемде өте белсенді халықаралық қоғамдастықтың мүшесі.

Қарақат Әбден, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінде өзгелер бізді өз пікірі қалыптасқан, қуатты мемлекет ретінде таниды. Яғни, бізді әлемдік аренада беделі асқан елдердің бірі деп біледі. Бұндай деңгейге жету үшін ұзақ жылдар қажет болды. Бұның бәрі егемендік декларациясы қабылданған кезден бері, яғни 35 жылдық сындарлы жолмен келді. Осы құжат тәуелсіздіктің бастауы болды. Бүгін біздің пікірмен санасатын кезге жеттік. Тәуелсіз даусы бар еңселі елге айналдық. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?