ҚР Премьер-Министрі ENI компаниясының өкілдерімен Қарашығанақ пен Қашағандағы бірлескен жобаларды талқылады

ҚР Премьер-Министрі ENI компаниясының өкілдерімен Қарашығанақ пен Қашағандағы бірлескен жобаларды талқылады

Қарашығанақ және Қашаған кен орындарындағы бірлескен жұмыс барысы мен Жаңартылатын Энергия Көздері саласындағы жаңа жобаларды Қазақстан Премьер-министрі ENI компаниясының табиғи ресурстар бөлімшесінің барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен талқылады. Тараптар Қарашығанақты ұлғайту жобасы жоспарға сай жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Бүгінгі таңда өндірісті жылына 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру үшін шикі газды кері айдайтын қосымша компрессорларды іске қосу процесі жалғасуда. Қуаты жылына 4 млрд текше/метр болатын газ өңдеу зауытын салу жобасы белсенді түрде іске асырылып жатыр. Қашаған кен орнын толық көлемде игеру жұмыстары Үкіметтің ерекше бақылауында. Баламалы қуат көздерін өндіру саласында да әріптестікке ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында жел электр станциясы мен Түркістан облысында күн электр станциясы пайдалануға берілді. Сонымен қатар гибридті электрлі станция құрылысы да жоспарлануда.