Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Президентке ведомствоның биыл жыл басынан бері терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимылы баяндалды. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, осы уақыт ішінде екі лаңкестік шабуылдың жолы кесілген. Оның біреуі шет мемлекетте шетелдік серіктестермен бірлесіп жасалмақ болған. Экстремистік көзқарастарына байланысты республикаға 139 шетелдіктің кіруіне жол берілмеген, 280-нен астам шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылған. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.