Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетені жарияланды

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетені жарияланды

Қазақстанның жаңа Ата заңы жобасы  бойынша өтетін жалпыұлттық референдум бюллетені жарияланды. Онда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ болады. Азаматтарға екі нұсқа ұсынылған: «Иә» немесе «Жоқ». Айта кетейік, референдум 15 наурызда өтеді. Негізгі заңның 84% өзгеріс енгізілмек.

Нұрлан Әбдіров, ҚР орталық референдум комиссиясының төрағасы:

- Электрондық үкімет порталында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді тексерудің онлайн сервисін іске асыру туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда бұл сервис барлық республика бойынша учаскелердің шамамен 50 пайызына қосылған. Бұл азаматтардың мәліметтерін жедел тексеріп нақтылауына мүмкіндік береді.

Орталық референдум комиссиясының төрағасы референдумда мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне де толық жағдай жасалатынын мәлімдеді. Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, барлық учаскеде Конституция жобасының мәтіні аудио сүйемелдеумен орналастырылмақ. Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Брайль қарпімен әзірленген трафареттер де басып шығарылып, учаскелерге жеткізіледі. Сонымен қатар, бюллетень толтыру бойынша арнайы аудио нұсқаулық қарастырылған. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?