Қазақстанға Пржевальский жылқыларының жаңа партиясы келді

Қазақстанға Пржевальский жылқыларының жаңа партиясы келді

Қазақстанға Пржевальский жылқыларының жаңа партиясы келді. 1 маусымда Чехиядан арнайы ұшақпен Қостанай облысына 4 жануар жеткізіліп, «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватына жіберілді. 5 маусымда келесі рейс тағы 4 керқұланды Берлиннен жеткізеді деп күтілуде. Түз тағысының бейімделу кезеңі мамандардың бақылауымен реинтродукциялау орталығында өтеді, кейін олар табиғи мекеніне жіберіледі. Айта кетейік, Пржевальский жылқысы ежелден Қазақстан аумағында мекендеген. Қайта оралған жануарлардың алғашқы легі екі жыл бұрын әкелінген еді. 2029 жылға дейін Қазақстанға 40 бас керқұлан жеткізу жоспарланған. Айта кетейік, Пржевальский жылқыларының популяциясын қалпына келтіру халықаралық бағдарламалар аясында жүргізіледі.


Қанат Батырханұлы, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының маманы


- Біздің бақылауымызша, жылқылар жақсы бейімделіп бастады. Олар тасымал қораптарынан шыға салысымен бірден қоршалған аумақты еркін кезіп, жан-жақты шарлап жүре бастады, айналаны түгел шолып шықты, аумаққа жерсінді, еркін жайыла бастады, біздің далада өсетін шөптерімізді жатсынбай жайылып жүр. Жануарлар өздерін жақсы сезінеді. Ережеге сәйкес, жылқылар алғашқы жылы карантинде болуы шарт, біз оларды бір жыл бойы сыртынан жіті 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?