Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады

Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында 80 спортшы ел намысын қорғайды. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Туризм және спорт министрі Мемлекет басшысына төрт жылдықтың басты додасына дайындық туралы баяндады. Ермек Маржықпаев спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың да есебін берді. Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды, әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды. Айта кетейік, дүбірлі додаға 17 күн қалды.