Жасанды интеллекттің қолданылу аясын кеңейту

Қазақстан жасанды интеллект кеңінен қолданылатын, сонымен қатар цифрлық технологиялар дамыған мемлекетке айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттағы статегиялық жоспардың маңыздылығына тоқталып, осы бағытта жүзеге асырылуы тиіс міндеттемелерді атап өтті. Президент бұл тек Үкіметке ғана артылған тапсырма емес екендігін, оған парламентарийлер де атсалысуы тиіс екенін айтты. Өз кезегінде депутаттар жаңа саяси маусымда дәл осы бағыттар бойынша жаңа заңнамалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары басталып, кезеңмен жалғасатынын жеткізді.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Біздің алдымызда жасанды зияткерлікті реттеуге қатысты үлкен жұмыс тұр, Үкімет бұл жұмыстарды жүзеге асырушы орган болғандықтан, олар басқа тұғырнамамен жұмыс істейді, ал бізге, яғни депутаттарға жүктелгені оны заң арқылы реттеу. Сонымен қатар, кибер-қауіпсіздікті қамтамасыз ету - біздің тұрақты күн тәртібімізде тұрған мәселе. Негізінен, жасанды зияткерлікті енгізу мәселесінде азаматтарымыздың қауіпсіздігі, адами құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілуі қажет. Олай болмаған жағдайда оның пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін. Сондықтан, біздің көздегеніміз тепе-теңдікті сақтау.

Парламенттің төменгі палатасының депутаты салық әкімшілігін цифрландыру саласына жаңа технологияларды енгізу - маңызды міндеттердің бірі екенін айтады. Әсіресе Президент мұқият зерделеп, жетілдіруді міндеттеген «Салық кодексін» реформалау ісінде көмегі көп дейді ол. Сонымен қатар жаңа маусымда заң шығарушы орган Цифрлық активтер мен майнингті реттеу және криптобиржаларды одан әрі дамыту бойынша заң құжаттарын жетілдірумен айналысады.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі таңда криптобиржа қызметі АХҚО алыңында жұмыс істеп істеп тұр және оның айналасында алуын түрлі пікір бар. Сондықтан, бұл саланы ұлттық заңнамамен реттеу мәселесі күттірмейді. Бұл ретте майнингке қатысты сұрақтар заңнама тұрғысында реттелген, бірақ әкімшілендіру бойынша кейбір шешімін таппаған дүниелер бар. Дата-орталық бойынша біз реттеуші қызметін құрдық, қазір олар жолға түсті. Менің ойымша, мемлекеттік-жекешеменшік әріптестік саласындағы заңнама реформасы инвесторларды дата орталықтарды құру жобаларына тартуға ықпал етеді.