Құрылымдық реформалар жасау мен еліміздің салық-бюджет
саясаты жолға қойылып, қаржы нарығы дамып келеді. Осы бағыттарда Қазақстан мен
Халықаралық валюта қоры 30 жыл бойы бірлесе жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсетіп
келеді. Бұл – әріптестіктің екеуара тиімді екенінің көрінісі. Бүгін Астанада
үкімет басшысы мен Халықаралық валюта қоры басқарушы директоры орынбасарының
кездесуі өтті. Олжас Бектенов пен Бо Ли қаржы-экономикалық салалардағы
әріптестік жайын талқылады. Сонымен қатар, Халықаралық валюта қоры климаттық
өзгерістерге қарсы күресу мақсатында елімізге көмектесуге әзір. Бо Лидің
айтуынша, тұрақты даму бағытында Қазақстан бірқатар ауыз толтырып айтарлықтай
жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, еліміз 2060 жылға қарай көміртек
бейтараптығына жетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы мәртебелі мейман экологиялық
акция барысында айтты. Онда тараптар Астанадағы саябақтардың бірінде ағаш
отырғызды.
Бо Ли, ХВҚ басқарушы директорының орынбасары: