Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады

Биыл I жартыжылдықта 20 трлн теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілген. Көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 есе артық. Бұл туралы Президентке Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы мәлімдеді. Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді салаларды қамтыған. Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыныс пен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды. Заңнамалық бастамаларға сәйкес енді палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды. Ұлттық қор қаржысын мониторингтеу жөніндегі комиссия жұмысы қайта ұйымдастырылды. Бұл Қор қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев қаражаттың жұмсалуын қадағалауға заманауи цифрлық технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?