Мемлекет басшысы Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдады

Мемлекет басшысы Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдады

Қазақстанда құқықтық және демократиялық қағидаттарға арқа сүйейтін мемлекет құру үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссия президентімен кездесуінде мәлімдеді. Өз кезегінде Франческо Депаскуале адам құқықтары мен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселесінде ынтымақтастыққа әрдайым дайын екенін жеткізіп, Қазақстанда осы салада жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады. 

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальманы қабылдады

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президентімен кездесті. Тараптар сот органдары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың, сот төрелігі жүйесін жаңғырту саласында тәжірибе алмасудың және сот өндірісін цифрландырудың маңызды екеніне назар аударды. Луис Пальма Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының мүшелері еліміздің тәжірибесін зерделеуі қажет екенін айтты.