Мәулен
Әшімбаев өз учаскесінде дауыс беріп, әрбір азаматтың референдумға қатысуының
маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, бұл
әрбір қазақстандықтың конституциялық құқығы екенін еске салды. Парламенттің Жоғарғы палатасы Спикерінің айтуынша,
референдум жаңа құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, төменгі палата спикері де өз таңдауын жасады. Ерлан Қошанов бүгін еліміздің болашағына
қатысты маңызды шешім қабылданатынын тілге тиек етті. Ең бастысы, оны халық қабылдайды. Мемлекеттік кеңесші де өз
учаскесінде дауыс берді. Ерлан Карин Қазақстан ТМД мен Орталық Азиядағы осындай
мәселе бойынша референдум өткізген
алғашқы ел екенін атап өтті. Референдум өткізу фактісінің өзі азаматтар, қоғам
және мемлекет арасындағы диалогтың кеңеюін айғақтайды. Президент Әкімшілігінің басшысы
Айбек Дадебай Президент орталығында орналасқан сайлау учаскесінде АЭС салу
жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді. Еліміздің Премьер-Министрі
Олжас Бектенов Астанадағы Оқушылар сарайындағы учаскеде сайлауға қатысты.