Қ.Тоқаевқа мұнай-газ химиясы және газ өңдеу жобалары туралы баяндалды

Қ.Тоқаевқа мұнай-газ химиясы және газ өңдеу жобалары туралы баяндалды

ҚазМұнайГаз 2029 жылға дейін 24 іздеу ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық компанияның басқарма төрағасы мәлімдеді. Асхат Хасенов бұған дейін кең көлемде зерттелмеген аумақтарда геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойылғанын атап өтті. Жалпы инвестиция көлемі 900 млн доллардан асады. Қазір Turkish Petroleum Corporation, BP, Хорват көмірсутегі агенттігі секілді ірі халықаралық кәсіпорындар еліміздегі әлеуетті учаскелерді зерттеуде. Былтыр Қытайдың CNOOC және Sinopec компанияларымен келісімшарттар жасалды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен конденсат өндіру көлемі 26 ммлн тоннадан асқан. Бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 10% жоғары. 3 мұнай өңдеу зауытында 17,5 млн тонна шикізат өңделді.  Бұдан бөлек, көгілдір отын өндіру көлемін жылына қосымша 2,3 млрд текше метрге ұлғайту үшін Батыс Прорва, Орталық Өріктау және Рожков кен орындарында жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға және ірі инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруға қатысты міндет жүктеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?