Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен келді. Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді. Президентті Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-Министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.
Айта
кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Белградта биіктігі 168 метр мұнарада еліміздің көк байрағы бейнеленді. Бір
ай бұрын ашылған бұл нысан Сербия астанасының
символына айналып үлгерген.