2026 жылы қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің цифрлық жүйесі іске қосылады

2026 жылы қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің цифрлық жүйесі іске қосылады

Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі құрылады. Бұл цифрлық алаң елдегі кәсіпорындар мен олардың төл өнімдеріне қатысты мәліметтерді толық қамтымақ. Үкімет отырысында келесі жылы 1 қаңтардан бастап тізілім нақты отандық өндірушіні анықтау тетігіне айналатыны мәлімделді. Оған адал кәсіпкерлер автоматты түрде қосылады. Сандық жүйе жалған өндірушілерді анықтауға мүмкіндік береді. Өнімді сатып алуда тізілімге енген өндірушілерге басымдық береді. Сондай-ақ, ірі кәсіпорындар өз айналасындағы шағын және орта бизнес белдеуін құрып, елішілік құндылық бағдарламаларын әзірлеуі қажет. Бұл оларды кәсібін кеңейтуге немесе жаңа өндіріс ошақтарын ашуға ынталандырады. Яғни, отандық компаниялардың арасындағы кооперацияны дамытуға жағдай жасайды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Нәтижесінде импорт пен өндірістік шығын көлемі азайып, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен оларға деген сұраныс артады. Елішілік құндылықты дамыту дегеніміз жаңа өндірістерді құру ғана емес, бұл жаңа технологиялар трансферті, ғылымды дамыту, жаңа жұмыс орындары мен жаңа құзыреттерді қалыптастыру дегенді білдіреді. Мұндай тәсіл еліміздің экспорттық әлеуетіне оң әсерін тигізіп, экономиканы әртараптандыруды, халықты жұмыспен қамту мен әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?