Жеңіс Қасымбек Қасым-Жомарт
Тоқаевқа Астананың даму әлеуеті жөнінде баяндады. Елорда әкімі Мемлекет
басшысына қаланың негізгі экономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика бар
екені жөнінде мәлімет берді. Биылғы 10
айдың ішінде бас шаһардың экономикалық капиталына бір трлн теңгеден астам
инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін жалпы құны шамамен 88 млрд теңге бағаланған
25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл негізінен өңдеу өнеркәсібі,
білім және медицина мен логистика бағытындағы жобалар. Президент жылыту
маусымының барысы туралы да құлағдар етілді.
Жеңіс Қасымбектің дерегінше, өткен күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің және 3-ші жылу электр орталығының бірінші кезеңінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, елорда басшысы келесі жылы елордада бес оқушылар сарайының және мемлекеттік балабақшалардың құрылысы басталатынын жеткізді. Кездесу соңында мемлекет басшысы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.