Мемлекет басшысы Сербия Премьер-министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Сербия Премьер-министрімен кездесті

Қазақстан елімізде инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан серб бизнесмендеріне толық қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесуінде айтты. Мемлекет басшысы қос тарап үкіметтерін қол жеткізген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру үшін бірлесе әрекет етуге шақырды. Атап айтқанда, бұл бірнеше ірі жобаларды нақтылауға қатысты. Қасым-жомарт Тоқаевтың айтуынша, оны іске асыру екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге тың серпін береді. Бұл орайда Сауда-экономикалық серіктестік бойынша үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес жұмысына зор үміт артылады. Өз кезегінде Милош Вучевич «жасыл» технологиялар саласында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Қ.Тоқаевқа Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдері таныстырылды
 
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады. Сербияның осы бағыттағы мол тәжірибесі Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайтуға ықпал ете алады. Айта кетейік, бүгінде Сербия әлемнің 70 еліне әскери өнім жеткізеді.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Ең алдымен, біз болашағымызды әскери-техникалық салада көріп отырмыз. Шамамен 6 жекеменшік компания мен біздің «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы жергілікті әскери-өнеркәсіптік кешенмен өте белсенді ынтымақтасуда. Қазірдің өзінде тәжірибелік жұмыстар бар. Жақын арада біз осы саладағы ірі жобаларды жариялаймыз деп ойлаймын.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?