Қазақстанға Түркия Президенті мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанға Түркия Президенті мемлекеттік сапармен келеді

Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді. Бұл шара 13-14 мамыр күндеріне белгіленген. Президенттер екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді. Ал 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?