Қазақстан Президенті Астанадағы білім беру және спорт нысандарына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Tanym көпфункционалды кешенінде оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, бассейнін, шеберханалар мен өнері студиясын және спорт залды аралады. 750 балаға қызмет көрсететін бұл орталық жастардың талантын шыңдап, шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді. Кешенде 100 астам жоғары білікті педагог жұмыс істейді. Мемлекет басшысы New Generation School Astana білім беру мекемесінің оқу-тәрбие жұмысы және спорттық инфроқұрылымымен танысты. Аталған мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады. Сапалы білім мен тәрбие ісін ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді. Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен. Қазіргі таңда орталықта спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу жүргізіледі. Спорт және білім салаларында маман даярлауға айрықша мән беріледі.

