Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Президенттің айтуынша, Понтифик гуманизмнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға. Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Рим Папасымен кездесулерін және оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған Апостолдық тарихи сапарын ыстық ықыласпен еске алатынын жазды. Рим Папасы Францисктің есімі әлем жұртшылығының есінде әрқашан бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы ретінде сақталатынына тоқталды.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?