Қазақстан Премьер-министрі инвесторлармен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады

Қазақстан Премьер-министрі инвесторлармен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады

Polpharma Santo Қазақстанда дәрілік заттардың белсенді фармацевтикалық ингредиенттерінің 80 астам атауын шығаруды көздейді. Ел Премьер-министрі польшалық компанияның бас директорымен инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын талқылады. Тың бастама еліміздің дәрі шығару өндірісіндегі тәуелсіздігін нығайтуға, саланың орнықты дамуы мен инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, компанияның Қазақстанның фарминдустриясына салған қаржысының жалпы көлемі 130 млн доллардан асқан. Олжас Бектеновтың Alstom Kazakhstan басшылығымен темір жол машинасын жасау саласын дамыту мәселелерін қарады. Тараптар Электровоз құрастыру зауытының дайын өнім экспорты нарығын кеңейту әлеуетіне тоқталды. Бүгінде кәсіпорында өндірісті локализациялау деңгейі 10%-дан 35% дейін өскен. Инвестициялық компаниялармен сенімді диалогты одан әрі дамыту шаралары Үкімет басшысының «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасымен кездесуінде талқыланды. Еліміз үшін стратегиялық маңызға ие инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға баса көңіл бөлінді. Сондай-ақ, Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы 38-ші жалпы отырысының дайындық барысына назар аударылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?