Қазақстан Парламенті конституциялық заң жобаларын мақұлдады

Қазақстан Парламенті конституциялық заң жобаларын мақұлдады

Қазақстан Халық Кеңесі қоғам мен мемлекет арасындағы диалогтың жаңа алаңына айналады. Орган жоғары конституциялық консультативтік институт мәртебесіне ие болмақ. Сондай-ақ ол референдумдар өткізуді ұсынып,   заңнамалық бастамалар жасай алады. Оның құрамына 126 адамнан тұратын еліміздің этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық ұйымдар мен өңірлердің өкілдері кіреді. Еске сала кетейік, өткен жұма күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда 3 Конституциялық заң жобасын мақұлдады. Атап айтсақ Қазақстан Халық Кеңесі туралы, елорда мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы құжаттар қаралды.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-  Менің ойымша, оның құрамында бизнесмендер мен қоғамдық бірлестіктердің және түрлі ұйымдардың өкілдері болады. Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы тікелей диалогқа мүмкіндік беретін тетік, яғни Халық Кеңесі мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, Астананың ерекше мәртебесі де конституциялық деңгейде бекітілмек. Бұл құжат әкімдік пен мәслихаттардың қала құрылысы, жол қозғалысы, көші-қон мәселесі, экология, туризм және коммуналдық меншік салаларындағы өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Заң жүзінде елорданың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру, оның инфрақұрылымын дамыту жөніндегі нормалар енеді. Ал елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы конституциялық заң жобасына әкімшілік-аумақтықтарды анықтап, облыстың, ауданның, қаланың немесе ауылдың құрылуы және таратылу тәртібін реттеуге қатысты нормалар қарастырылмақ.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?