Қазақстанда теміржол вагондары паркі жаңартылады

Қазақстанда теміржол вагондары паркі жаңартылады

Қазақстанда теміржол көліктерін жасау саласында жаңа өндірістер ашылуда. Астанада «Stadler Қазақстан» зауыты іске қосылды. Кәсіпорын 2030 жылға дейін Қазақстан теміржолдары үшін 500-ден астам заманауи жолаушылар вагонын жеткізеді деп күтілуде. Ал Атырау облысында жылына 6 мың жүк вагоны мен цистерналар шығаратын өндіріс ошағы пайдалануға берілді. Семейде ашық вагондар жинайтын жаңа желі пайда болды. Екібастұзда т/ж-техникасы мен құрамдас бөліктер әзірлейтін кәсіпорындар кластері құрылды. Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша саладағы өнім шығару көлемі төртен бірге өсіп, 600 млрд теңгеден асты. Вагондар паркін жаңарту үшін салалық министрлік өндірістік қуаттылықты арттыруды, сондай-ақ отандық өндірушілерден сатып алуды субсидиялау тетігін кеңейтуді және ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасуды ұсынады.

Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

– Оффтейк-келісімшарттар қазақстандық өндірушілерді тұрақты тапсырыс көлемімен қамтамасыз етіп, өндірістік қуатты жоспарлы түрде толық пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, вагон шығаратын зауыттар өндірісте отандық материалдар мен бөлшектердің үлесін көбейтуге міндетті болады. Қазіргі таңда министрлік барлық вагондар мен локомотивтерге қатысты зауытта бөлшектерді жинап, дайын өнім шығаратын келісім жобасын әзірлей бастады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?