Қазақстанға Өзбекстаннан 922 млн текше метр су келеді.
Ресурстар алдағы суару кезеңінде «Достық» арнасы арқылы жіберіледі. Бұл туралы
уағдаластыққа Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 86-отырысында
қол жеткізілді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және
Өзбекстан кіреді. Сонымен қатар Түркістан облысының Шардара су қоймасында
қазірдің өзінде 5 млрд текше метр жиналды. Суы еліміздің оңтүстігіндегі
егістіктерді суаруға да пайдаланылатын Қырғызстандағы «Тоқтағұл» су электр
кешені 8 миллиард текше метр су жинады.
Бейбарыс Данабаев, ҚР
Су ресурстары және ирригация министрлігі департаментінің бас сарапшысы:
-Біздің басты міндетіміз – тасқын суын жеткілікті мөлшерде жинап алу. Біз оны Каспий, Балқаш, Қамыс-Самар
көлдеріне, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне және т.б. жібереміз.
Сонымен қатар оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету де өте маңызды.
Сондай-ақ,
қазір Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан «Орталық
Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін құру туралы»
келісімнің жобасын әзірлеуде.