Қазақстандағы
конституциялық реформаларды халықаралық сарапшылар талқылап жатыр. Өзгерістер
мемлекеттік институттар мен билік жүйесін теңгерімді етуге бағытталған.
Оңтүстік-Шығыс Норвегия университетінің профессоры Гленн Холле осылай дейді.
Сарапшы, вице-президент лауазымы, биліктің өзге тармақтарын күшейту елдің саяси
тұрақтылығын арттырып, халықаралық сенімді бекемдей түспек. Алайда, ол басты
мәселе реформалардың қағаз жүзінде емес, нақты өмірде іске асуында екенін атап
өтті.
Гленн Агунг
Холле, Оңтүстік-Шығыс Норвегия университетінің профессоры:
– -Меніңше, жаңа
Конституция билік құрылымының тың архитектурасын қалыптастырып, институттарды
күшейтуге әрі олардың қоғамға есептілігін арттыруға бағытталған. Қазақстанды
тұрақтылығы мығым, сенімді әріптеске айналдыру көзделген. Елдің тұрақтылығы
сақталса, әлем Қазақстанды бұдан әріде де инвестиция үшін тартымды әрі сенімді
серіктес ретінде қабылдай береді.
Грузияның
бұрынғы сыртқы істер вице-министрі Давид Апциаури де өз пікірін білдірді. Оның
айтуынша, қазіргі әлем сын-қатерге толы, ал конституциялық реформа осы
қауіптерді азайту тетігі ретінде қарастырылады. Сарапшы жаңа Ата заңды қабылдау
институционалдық жаңаруға жол ашып, елдің халықаралық беделін нығайтады деп
есептейді. Бұл Қазақстанды орта держава ретінде ғана емес, сондай-ақ,
Еуразиялық кеңістіктегі көшбасшы елдердің бірі ретінде танытады. Сонымен қатар,
жаңа Конституция ішкі тұрақтылыққа да оң ықпал етеді. Бұл екі фактор
бір-бірімен тығыз байланысты.
Давид Апциаури,
Профессор, Грузия сыртқы істер министрлігінің бұрынғы вице-министрі:
- Конституциялық
реформаны жүргізу туралы шешім дер кезінде қабылданды. Турбулентті әрі болжауға
келмейтін қазіргі әлемдік жағдайда ішкі тұрақтылықтың маңызы айрықша.
Тұрақтылық мемлекеттің басты тірегі, оны нақты шаралар арқылы қамтамасыз ету
қажет. Бұл шешім елдің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді және ұлттық дамуға
қолайлы ішкі және сыртқы жағдайды қалыптастырады.

