ҚР Премьер-Министрі Société Générale банк өкілдерімен Қазақстанға капитал тарту мәселесін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Société Générale банк өкілдерімен Қазақстанға капитал тарту мәселесін талқылады

Қазақстан мен Société Générale банкі ынтымақтастық жылдары құны 17 млрд доллардан көп 30-дан астам бірлескен жобаны іске асырды. Премьер-Министр Олжас Бектенов пен халықаралық қаржы ұйымының өкілдері инвестициялық жобаларды іске асыру аясында ағымдағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Айта кетейік, қазір бірқатар қазақстандық компаниялар банкпен энергетикалық инфрақұрылым және қаржы нарығы саласындағы жобалар бойынша келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар ESG бағыты бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективаларын да назардан тыс қалдырамады. Министрлер кабинетінің басшысы атап өткендей, Қазақстан Үкіметі өзара тиімді серіктестікке дайын және еліміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдеседі.