Үкімет Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды мақұлдады

Үкімет Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды мақұлдады

Қазақстан Үкіметі Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды мақұлдады. Ол 8 негізгі бағыт бойынша 87 іс-шараны қамтиды. Бұл инвестициялық саясат, өнеркәсіпті нығайту, ауыл шаруашылығы, көлік және туризм, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, адами капиталды дамыту және парламенттік реформа. Экономикалық бөлікте Ұлттық қордан жоғары технологиялық секторларға 1 млрд долларға дейін инвестициялау бағдарламасын іске қосу көзделген. Өнеркәсіпке келетін болсақ, мұнда сирек кездесетін металдарды өңдеу және көмірсутек шикізатын терең өңдеу жөніндегі жобаларға баса назар аудару жоспарланып отыр. 2026 жылдың соңына дейін барлық геологиялық деректер цифрландырылып, жасанды интеллект қолданылатын Big Data жүйесі енгізіледі. Ал аграрлық секторда жер ресурстарының цифрлық картасы іске қосылмақ.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі:

– Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау шеңберінде 1 трлн теңгеге 5 инвестициялық келісім жасалды. Сондай-ақ, «Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестицияларға тапсырыс» жобасы іске асырылуда. Үш жылдық кезеңде осы бастама шеңберінде жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге 200-ден астам жоба қаржыландырылатын болады.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

– Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары алға қойылған барлық міндеттерге сай келеді. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жоспардағы іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Барлық қаржыландыру мәселелерін шұғыл шешу қажет. Жоспардың іске асырылуын бақылау мен үйлестіруді орынбасарларыма тапсырамын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?