Тасқынға қатысты төтенше жағдай жарияланған аймақ тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек беру автоматты түрде ұзартылады. Ал бұған алғаш өтініш білдіретін азаматтар Электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады. Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мәлімдеді. Бұған қоса мүгедектігі бар жандар биыл II тоқсанда қайта куәландыруға тиіс бірқатар қызметті төтенше жағдай райынан қайтқан кейін жасау мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар жеңілдетілген микрокредит алған жастарының төлемдері кейінге шегеріледі.
Мадияр Уақпаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау
министрлігінің ресми өкілі:
-Төтенше жағдай жарияланған аудандар мен қалалардағы субсидияланатын жұмыс
орындарына орналасқан қазақстандықтардың жалақысы өзгеріссіз қалады. Төтенше
жағдай кезеңінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған
жұмыссыз адамдардың жалақысын еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушілерден
мәліметтер талап етпей төлейтін болады.