Қазақстан мен Эстония: ынтымақтастық көкжиегі кеңейіп келеді

Қазақстан мен Эстония: ынтымақтастық көкжиегі кеңейіп келеді

Қазақстан мен Эстония логистика, транзиттік тасымал, цифрландыру бағыттары бойынша өзара әріптестікті арттыруда. Сарапшылар әлемдік сауда-саттықтағы өзгерістердің ықпалынан Қазақстан аумағы Эстония тауарларын Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияға жеткізудің тиімді бағытына айналғанын айтады. Өз кезегінде Эстония қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін Еуропаға жеткізуге жол ашпақ. Еліміз Балтық теңізі терминалдарынан өтетін дәнді және майлы дақылдар экспортын арттыруға мүдделі. Тағы бір басым бағыт - су ресурстарын басқару. Эстония қазақ тарапы үшін өзекті мәселе, су көздерін бақылайтын заманауи әдістерді қолданысқа енгізген. Сондай-ақ, білім беру және стартап экожүйесінде әріптестік орнаған. Сарапшылар Эстонияның цифрлық қызмет көрсетуде көшбасшы елдер қатарында екенін айтады.

Тимур Қоғабаев, Maqsut Narikbayev university профессоры:

- Эстония - бірінші кезекте әлемдегі жан басына шаққандағы ең көп стартаптары бар ел, оларда табысты жобалар жүзеге ассырылады. Эстония бізге орнықты даму мақсаттары бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, біздің сандық жүйелерді жетілдіруге үлес қосады деп ойлаймын. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?