Қазақстанның
ЖІӨ өсімі 11 айдың қорытындысы бойынша 4,4% құрады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас
Бектенов баяндады. Сонымен қатар, Үкімет басшысының
айтуынша, биыл
экономиканың өсіміне мұнайдан тыс салалардың дамуы есебінен қол жеткізілді.
Экономиканы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда көлік,
өңдеу өнеркәсібі және машина жасау салаларында өсім байқалған. Мемлекет басшысына отандық өндірушілерді
қолдау және терең өңдеуді ынталандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесі
жөнінде мәлімет берілді. Осылайша, өңделген тауарлар экспорты 10,2% артып, 23 млрд доллардан асты. Негізгі капиталға
салынған инвестиция көлемі 3,1% ұлғайған. Бұл орайда шикізаттық емес салаларда
айтарлықтай өсім бар. Кездесу
соңында Қасым-Жомарт Тоқаев оң динамиканы сақтау бағытындағы жұмысты
жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ,
инвестиция тарту, инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірқатар тапсырма
берді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

