Қазақстаннан
Грузияға экспорт 2024 жылы 30 проценттен астамға
өсті. Ал елдер арасындағы тасымал көлемі 4 миллиард 700 миллион тоннадан асып жығылды. Жалпы, соңғы 4 жылда Қазақстан – Грузия бағыты бойынша жүк
тасымалы 9 есеге өсті. Көрсеткіш әлі де еселене түседі. Темір жол саласы екі
елдің транзиттік ағындары мен экономикасын жандандыруға ықпал етеді. Қазақстан
мен Грузия Премьер-министрлері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында
болды. Оларға темір жол саласында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер ұсынылды.
Грузиялық делегация «Бірыңғай цифрлық терезе» қосымшасының және теміржол
көлігіндегі «ақылды» жүйенің жұмысымен танысты. Олар рәсімдерді жеңілдетуге,
жүк тасымалдау уақытын қысқартуға және логистикадағы ашықтықты қамтамасыз етуге
бағытталған.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

