Биылғы Жолдаудың стратегиялық маңызы зор. Әрі онда ел дамуының негізгі салалары түгел қамтылған. Жылдың бас құжатындағы жүктеген міндеттерді депутаттар, мемлекеттік органдар және қоғамдық институттар бірлесіп жүзеге асыруы қажет. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының алаңында сарапшылармен кездескен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Ол Парламент алдында мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бірқатар заң қабылдау міндеті тұрғанын айтты. Бұл іске елдің азаматтық қоғамын тартудың маңызын атап өтті. Яғни, депутаттар сараптамалық ұсыныстарға ашық екенін жеткізді. Бұл ретте елдің жетекші ғылыми институттары мен зерттеу орталықтарының өкілдері де елдің игілігі қамында жұмылуға әзірліктерін білдіріп, Жолдау міндеттерін тиімді іске асыруға қатысты пікірлерін ортаға салды.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
- Президент экономикалық реформада, әсіресе, бюджетті нақтылап шегелеп
айтты. Не себепті? Себебі, егер де саяси реформа жасап, бүгінгі ауыл әкімі, аудан әкіміне құзіреттік беріп, оған өкілеттік бере отыра, жағдай жасау
керек. Оған ақша керек, оған ресурс керек. Сол себепті, саяси реформа тиімді
жұмыс істеу үшін де экономикалық реформа қажет.