Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығын нығайтатын екі келісімге қол қойылды

Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығын нығайтатын екі келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Еуропалық одақ екі маңызды келісімге қол қойды. Оның бірі – құны 3 млн еуроны құрайтын құжат. Ол стратегиялық маңызға ие шикізатттық сектордағы жобаларды дамытуға бағытталған. Бұл құжат отандық экономика мен өнеркәсіп үшін маңызды табиғи ресурстарды игеруге мүмкіндік береді. Еліміздің жер қойнауындағы байлықтар жаңа технологияларды, энергетика мен басқа да салаларды дамыту үшін қажет. Сонымен қатар, Еуропалық инвестициялық банк пен Қазақстанның даму банкі арасындағы 200 млн еуро көлемінде несие туралы негіздемелік келісім жасалды. Бұл қаражат елдің көлік саласы мен жаңартылатын энергия көздерін дамытуға жұмсалмақ.


Йозеф Сикела, Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар:


- Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – Еуропалық Одақтың Global Gateway стратегиясының негізгі бөлігі. Егерде Азия мен Еуропаны байланыстыратын осы бағыт іске қосылса, осы арадағы жүк тасымалдау уақыты 15 күннен аспайтын болады. Бұл аймақтағы сауданы дамыту және экономикалық белсенділікті ынталандыруда маңызды қадам болмақ. Бүгін біз осы бағыттағы жобаны қаржыландыру үшін қажетті құжаттарға қол қойдық. Еуропалық инвестициялық банк пен Қазақстанның даму банкі арасындағы 200 млн еуро көлеміндегі несие негізінен көлік саласын дамытуға бағытталады.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?