Қ. Тоқаевқа Қаржылық мониторинг агенттігі қызметінің қорытындысы таныстырылды

Қ. Тоқаевқа Қаржылық мониторинг агенттігі қызметінің қорытындысы таныстырылды

Қазақстан Президентіне Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов ведомствоның былтыр атқарған қызметінің басты нәтижелері жөнінде есеп берді. 2025-ші жылы 53 инфрақұрылымдық жоба бойынша 264 млрд теңге бюджет қаржысын негізсіз шығындауға жол берілмеген. Бұдан бөлек 22 астыртын криптоалмасу қызметіне тосқауыл қойылды. Заңсыз кірісті жылыстатумен айналысты деген күдікке іліккен 2  мың компаниямен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылды. Сонымен қатар, елде табиғи ресурстарды барлау жұмыстарын атқармаса да жер телімін беру, сондай-ақ 400 мың тоннаға жуық заңсыз өндірілген пайдалы қазбаны шығару фактілері тіркелді. Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?