Мемлекет басшысы отандық AI жобаларымен танысты

Мемлекет басшысы отандық AI жобаларымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық суперкомпьютер орталығының жұмысымен танысты. Президентке ондағы MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер көрсетілді. Олардың бірі SmartCity Astana жобасы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Жасанды интеллектіні қолданатын 100 мыңнан аса бейнебақылау камерасы іске қосылып, елорданың цифрлық сыңары жасалады. Ал AlemLLM моделі мен AI Kitap платформасы жаңа білім меңгерудің көзіне айналмақ. Baspana Hub – азаматтардың тұрғын үйге сұраныстарын онлайн түрде шешуге арналған цифрлық экожүйе. Ол арқылы маркетплейстен үй сатып алуға, мемлекеттік қызметтерді алуға немесе жөндеу жұмыстарына тапсырыс беруге болады. Президент жүк тасымалы саласындағы отандық стартап қызметімен де таныс болды. Команда Google бағдарламасына қатысып, үздік үштікке енген. Қазақстандық өнертабыстардың арасында халықаралық нарыққа шыққандары да бар. Surfaice.pro құрылысқа арналған инновациялық шешімдер әзірлеумен айналысады. АҚШ-тың бес штатында жұмыс істейді. Елімізде орман өртін алдын ала анықтау, спорттық және медициналық деректерді өңдеуге арналған жүйелер де жүзеге асырылып жатыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?