Қазақстанның 95 ЖОО АІ-пәндері оқытылады

Қазақстанның 95 ЖОО АІ-пәндері оқытылады

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесіне жасанды интеллект кеңінен енгізіліп жатыр. Қазіргі таңда елдегі 95 жоғары оқу орнында тиісті пәндер оқытылады, ал 30 университетте AI-шешімдерді инженерия, медицина мен өнеркәсіптегі қолданысықа арналған 42 мамандандырылған білім беру бағдарламасы бар. Бүгінде осы бағыттағы бакалавриат, магистратура және докторантурада 3 мыңға  жуық студент білім алады. Бұндай деректерді елдің ғылым және жоғары білім министрлігі келтірді. Мамандар даярлаумен қатар оқытушылардың біліктілігін арттыру жағы да ескерілген. Профессор-оқытушылар құрамының 54% жасанды интеллектті қолданудың негізгі дағдыларын меңгерген. Мемлекет жеңіл басқарылатын әрі қауіпсіз AI құралдарды белсенді енгізуде. Олардың қатарында күнделікті жұмысты автоматтандыруға, оқытуды білім алушыларға бейімдеуге және кадр даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік беретін ChatGPT EDU платформасы да бар. Бұл бастамалар университеттерге цифрлық экономика жағдайында еңбек нарығының өзгерісіне бейімделе алатын түлек даярлауға жол ашады. Осы мақсатта шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр.

Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:

- Жалпы алғанда жасанды интеллект саласында кадр даярлау үшін 12 шетелдік жоғары оқу орны тартылды. Атап айтқанда, Сеул техникалық университетімен бірлесіп Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті базасында жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды. Сондай-ақ, Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында City University of Hong Kong филиалы ашылды. Бүгінгі таңда әртүрлі форматта 40 стратегиялық серіктестік жүзеге асырылуда,  олардың 33-і шетелдік университеттердің филиалдары. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?