Қазақстан авторларының 250 кітабы Франкфуртта таныстырылды

Қазақстан авторларының 250 кітабы Франкфуртта таныстырылды

Германияда өткен дүниежүзілік ең ірі жәрмеңкеде қазақстандық авторлардың 250-ден астам кітабы таныстырылды. 76-шы халықаралық кітап көрмесіне 30-ға тарта отандық баспагерлер мен аудармашылар қатысты. Бұл дәстүрлі шара кітап басу ісі мен нарығын дамыту және осы бағытта өзара шеберлік алмасып, тәжірибе бөлісетін бірегей алаңға айналды. Жалпы Майндағы Франкфурт қаласында 95 елден 4 мыңнан астам автор мен баспагер бас қосты. Олар өздерінің тың басылымдарын таныстырды. Бұл жолы көрмеде геймерлерге жеке алаң қарастырылған. Сондай-ақ, аудиокітаптар мен подкасттарға орын екі есе көп бөлінді.

Рустам Әли, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі комитетінің төрағасы:

- Қазақстанның «Frankfurter Buchmesse» жәрмеңкесіне қатысуы тарихи оқиға. Біз өзіміздің мәдени мұрамызды ғана емес, классиктер және жас авторларымыз бен баспагерлерімізді де таныстырамыз. Мұнда кітап шығарудың ең заманауи трендтері талқыланатын көптеген диалог алаңдары бар. Оның ішінде, жасанды интеллектті пайдалану, құқықтық тәжжірибе алмасу және басқада маркетингтік бағыттағы жаңалықтар бар. Біз қазақстандық кітап шығару саласында оларды енгізу үшін барлық заманауи трендтерді талқылауға дайынбыз.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?