Қазақстанның дала аңдары туралы кітаптың екінші басылымы жарық көрді

Қазақстанның дала аңдары туралы кітаптың екінші басылымы жарық көрді

Суыр, қосаяқ, ақбөкен, қасқыр секілді Қазақстан даласындағы сүтқоректілердің 90-нан астам түрі туралы басылым жарық көрді. Кітап суреттермен безендірілгін. Екінші ғылыми-көпшілік басылымның таныстырылымы Астанада өтті. «Қазақстанның дала аңдары» оқу құралы олардың тіршілік ету ортасы мен республиканың экожүйесіне қалай әсер ететінін баяндайды. Басылымға зоологтар мен экологтардың далалық зерттеулерінің материалдары негіз болды. Оқырман жылдың әр мезгіліндегі пейзаждарды, аңдар іздерінің суреттерін, миграция бағыттарын және олардың қыс жағдайында қалай өмір сүретінін, табиғат аясында қандай қауіп-қатерге тап болатыны жөнінде біле алады. Жер жырту, дала өрті, инфрақұрылым салу және жайылымдардың шамадан тыс жүктелуі туралы да мәлімет бар. Авторлардың айтуынша, кітап ең алдымен оқушыларға, болашақ биолог-студенттерге арналған. Әдемі суреттері бар басылым балаларға да қызықты болады. Көрнекі кітап Қазақстанның жабайы табиғатының алуан түрлілігімен жақын таныстырады.


Эльмира Мұстафина, шығарушы редактор, кітап шығару идеясының авторы:

- «Жұмыс 5 жылға созылды. Қазақ тіліндегі алғашқы басылым 2023 жылы жарық көрді. Қазір әне көптеген мектептер оны қолданып жатыр. Мұғалімдер осы басылым негізінде түрлі квесттер, ашық сабақтар өткізеді. Қазір біз орыс тіліндегі нұсқасын шығардық және мұнымен шектелмейміз. Ағылшын тіліндегі нұсқасына үлкен сұраныс бар және болашақта қазақ тіліндегі кітапты жаңартқымыз келеді».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?