Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады. Президент мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?