Фергана облысының Ташлақ ауданында жаңа IT-қалашық пайдалануға берілді

Фергана облысының Ташлақ ауданында жаңа IT-қалашық пайдалануға берілді

Өзбекстанның Фергана облысында жаңа IT-қалашық іске қосылды. Орталық заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған және ақпараттық технологиялар саласында мамандар даярлауға бағытталған. Бірегей білім беру кешенінде бір жарым мыңға жуық жас бағдарламалау, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, роботтехника сияқты сұранысқа ие мамандықтарды игере алады. Айта кетейік, жобаның құны шамамен 400 мың долларды құрады, «START-UP GARAGE» әзірлемелерін қолдау кеңістігін салуға қосымша қаражат бөлінді.


Анваржон Уктамов, ұстаз:


- Қазір балалар компьютерлік сауаттылық бойынша екі айлық курстан өтуде. Одан әрі бағдарламалау негіздерін оқытуды жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін - роботтехника, ойындар жасау, веб-сайттар мен мобильді қосымшалар бойынша алты айлық курстар өтеді. Соңғы кезең нақты жобалармен екі айлық жұмыс болады - үздік қатысушылар білімдерін қолданып қана қоймай, табыс табу мүмкіндігіне ие болады.


Жастар тек оқып қана қоймай, коворкинг аймағында бір-бірімен тәжірибе алмаса алады. Мұндағы жұмыс барысы барынша ыңғайлы ұйымдастырылған.


Интизор Ботирова:


- Мен және менің құрдастарым фриланс ретінде 500 доллардан астам табыс табамыз - ақысы жобаның күрделілігіне байланысты. Фриланс еркіндік береді: ыңғайлы жұмыс кестесі, өз уақытыңды өзің жоспарлау мүмкіндігі. Ең бастысы – мерзімінде тапсыру. Тек компьютер мен интернет қолжетімбі болса болғаны.


Фергана облысында 2024 жылы ақпараттық қызметтердің көлемі 46 млн доллардан асты. IT-парк резиденттерінің саны 106-ға жетті, бұл ретте 24 компания ақпарат-технологияларды экспорттаумен айналысады. Сонымен қатар, «Бір миллион бағдарламашы» жобасы аясында 28 мыңға жуық жас білім алды. Сарапшылардың айтуынша, жаңа IT-қалашықтың ашылуы көрсеткіштердің одан әрі өсуі мен кеңеюіне себепші болады. Бұдан бөлек, ұқсас кешендерді Өзбекстанның басқа да қалалары мен аудандарында салу жоспарланып отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?