Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында болат құбырлар шығаратын зауытта болды. Кәсіпорын биыл шілде айында пайдалануға берілді. Зауыттың құны ұлттық валютада 3,5 млрд теңгені құрады. Өндіріс ошағы жылына 20 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаруға қауқарлы. Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорынды дамытудың ұзақмерзімді жоспарлары ұсынылды.
Мирғали
Бүрбаев «МЕТАЛЛИНВЕСТ» компаниялар тобының директоры:
- Аталған зауыт арнайы құбырлар шығарады және оларды Қазақстанның барлық
аумағында сатады. Біз шикізатты жергілікті өндірушіден аламыз.
Президент жергілікті тауар өндірушілер көрмесінде
де болды. Мұнда өнеркәсіптік кәсіпорындар мен теміржол саласына арналған
жабдықтар, медициналық аспаптар, дәрі-дәрмектер, арнайы киімдер, тұрмыстық
химия ұсынылған. Бұдан бөлек Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық
дамуы таныстырылды. 11 ай ішінде экономика өсімі 6%-ті құрады. Ақтөбе қаласының
әуежайын мультимодалды хаб ретінде дамыту үшін мұнда арнайы экономикалық аймақ
құрылмақ. Жобаға 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған.
Президенттің тапсырмасымен шаһарда 700 орындық драма театры және 35 мың
көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтермек.
Сонымен қатар Мемлекет
басшысы полиция департаменті жедел басқару орталығының ғимаратын аралап көрді.
Мұнда 32 инспектор жергілікті жердегі ахуалға нақты уақыт режимінде тәулік бойы
бақылау жүргізеді. Облыста осындай 5 жедел басқару орталығы жұмыс істеп тұр. Президентке сондай-ақ жасанды интеллект
технологияларын қолдану туралы айтылды.
Абай Жүсіпов, Ақтөбе облысы ПД бастығы:
- Жасанды интеллект функциясының ішіне кіретін түр сипатты анықтау, қалдырылған затты анықтау, қаруды анықтау және адам көп шоғырланатын одан бөлек түтін болған жерді анықтау мүмкіндігі бар. Біздің осы барлық аналитикамызға өңірімізде жедел қызығушылық танытатын жиырма мыңға жуық адамның базасы енгізілген. Бұл жұмыс барысында керек болған жағдайда пайдалануға мүмкіндігіміз бар.
Мемлекет басшысы жылына 8
мыңнан астам нәресте дүниеге келіп, 13 мыңнан көп адам ем алатын облыстық
перинаталдық орталық жұмысымен танысты.
Гүлшат Темірбаева, облыстық перинаталдық орталық директоры:
- Бұл орталықтың ерекшелігі – орталықта жасалатын оталар. Жаңа туған, шала туған нәрестелерге жасалатын операциялар. 50-ден астам операция жасалды. Көзіне жасалады шала туған нәрестелердің. Жүрек тамырларға жасалады. Сосын неонаталды операциялар.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы балалар футбол
академиясында болды. Спорт нысаны заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Мұнда жаттығуларды жыл бойы өткізуге болады.
Академияда қазір 800-ге жуық бала үздік
халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Қасым-Жомарт Тоқаев тәрбиеленушілермен
және жаттықтырушылармен әңгімелесу барысында балаларды спортқа көптеп тартудың
маңызы зор екенін айтты.
Әсел Күшенғалиева

