Ресей астанасында Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуі қорытындыланды. Ел Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов осы кезеңде аталған ұйымның мүдделі елдермен және халықаралық құрылымдармен ынтымақтастықты нығайта түскенін атап өтті. ТМД және ШЫҰ мемлекеттерімен байланыстар жалғасын тапты. Биыл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының БҰҰ бақылаушысы мәртебесін алғанына 20 жыл толды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Әріптесімізбен бірлескен үйлесімді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық еткен кезеңде ұйым алдында тұрған барлық міндет толық орындалды. Астанада өткен кездесуде елдеріміздің көшбасшылары Қазақстанның төрағалығы барысында атқарылған іс-шараларға жоғары баға беріп, ұйымды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды құжаттар қабылдады. Ортақ мүдделерімізді ескере отырып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік өлшемін кезең-кезеңімен дамыту мен нығайту бағытындағы жұмысымызды жалғастырамыз.
Жеңіс Ермұқанов.

