Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ Бас хатшысын қабылдады

Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ Бас хатшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдады.  Қазақстан Президенті Өңірлік экологиялық саммиттің жұмысына белсене қатысқаны үшін оған ризашылығын білдіріп, бұл платформа Орталық Азия мен көрші аймақтарға ортақ экологиялық мәселелерді шешу жолын бірлесіп іздеуді көздейтінін айтты. Тараптар орнықты даму, климаттың тұрақтылығы, су ресурстарын тиімді басқару салаларындағы ықпалдастықты дамытуға ниет танытты. Президент Ұйыммен барлық 3 өлшем бойынша ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады. Арадағы серіктестік Астана декларациясы қағидаттарына негізделгенін атап өтті. Мемлекет басшысы адам құқықтары, демократия мен заң үстемдігі ұлттық басымдық ретінде қарастырылатынына назар аударды. Бас хатшы саммитке шақырғаны үшін алғыс айтып, Орталық Азия мен одан тысқары жерлердегі климаттық күн тәртібін қалыптастырудағы Қазақстанның рөліне жоғары баға берді. Сондай-ақ еліміздің Ұйым жұмысына ерекше үлес қосып отырғанын жеткізді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?